Қазақстанда қандай жаңа өндірістерді іске қосу жоспарлануда

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, тамақ өнеркәсібіне арналған қаптамалар, атап айтқанда, Tetra Pak және алкогольсіз сусындарға арналған алюминий банкалар өндірісін қамтамасыз ету жоспарлануда.
«Құрылыс индустриясында еден жабыны, керамикалық плиткалар өндірісін, алюминий радиаторлары, қаптау және жылу оқшаулағыш материалдар өндірісін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, теміржол машина жасауда тартқыш локомотив бандаждары, осьтер, тісті доңғалақтар, құрал-дефамдар, тежегіш қалыптары және т/ж құрамына арналған серіппелер бойынша өндірістер құру жоспарлануда», — деді спикер.